Төлен Әбдік – КГУ "Централизованная Библиотечная Система Отдела Культуры И Развития Языков Города Жезказгана"

"Жезқазған Қаласының Мәдениет Және Тілдерді Дамыту Бөлімінің Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесі" КММ

  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі, тазалық және мереке күндерінен басқа күндері ашық. Сенбі және жексенбі күндері кітапхана жұмыс істейді.

    Төлен Әбдік

     «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

    Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

    2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.

    Төлен Әбдік – қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал.

    Ол 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. Төлен Әбдік 1965 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.

    Шығармалары 1964 жылдан бастап түрлі газет-журнал беттерінде жарияланған. Төлен Әбдіктің алғашқы шығармасы университет қабырғасында көңіліне ұнаған бойжеткенге байланысты жазылған. Замандастарының айтуынша, сол күнде жас та болса сол әңгімесі өз ортасында біраз талқыланып, жақсы бағаланған. Одан кейінгі жылдары «Көкжиек» (1969 жыл), «Күзгі жапырақ» (1971 ж.), «Ақиқат» (1974 ж.), «Айтылмаған ақиқат» (1979 ж.) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985 ж.), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987 ж.), «Парасат майданы» (2002 ж.) романдары жарық көрді. Сонымен қатар қаламгердің әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980 ж., 1981 ж.) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977 ж.) қазақ тіліне аударған. «Біз үшеу едік» драмасы Ғабит Мүсірепов атындағы театрда сахналанған.

    Жазушы шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар – парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғайды. Модернизмнің жұрнақтары – қазақ әдебиетінде, соның ішінде Т.Әбдіктің шығармаларында қалай көрініс тапқандығы көрінеді.

    Жазушыға 2002 жылы жазушыға отандық әдебиетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

    2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлығы мен алтын медалі берілді, 2004 жылы «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

    2013 жылы Төлен Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды. Түркияның Эскишехир қаласында өткен «Әдеби журналдар редакторларының VI құрылтайында» қазақ жазушысы Т.Әбдікке мәртебелі атақ салтанатты түрде табыс етілді. Қаламгердің шығармалары түбі бір туыс 13-тен астам елдің тілдеріне аударылып, кеңінен таралды. Сонымен қатар 2013 жылы көрнекті еңбегі үшін «Парасат», 2019 жылы ұлттық әдебиеттің дамуына қосқан үлесі бірінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

    Сонымен қатар, назарларыңызға кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарын ұсынамыз.

     

     

     

    Іс- шаралар аты мерзімі Түрлері топтары

    Жауапты 

    1    «Ерекше қолтаңбасы баржазушы-Төлен Әбдік»  I-тоқсан10.03.23жСағ:11-00 Шығармаларын талдау сағаты Кітапхана оқырмандары БЖКГагарин көшесі,2
    2 «Өнегелі ғұмыр-өрелі еңбек»Т.Әбдіктің шығармаларыноқу-талқы  I-тоқсан29.03.23жСағ.15.00 Кітап оқу лидері барлық топ №4 кітапхана филиалыМалшыбай селосы
    3 «Қаламы қалғымайтынқаламгер»Т.ӘбдіковтіңШығармаларыннасихаттау  ІІ-тоқсан12.05.23жсағ.15-00 Әдеби вернисаж ЖПТК, ЖИГК Жезқазған ОКЖГагарин көшесі,2
    4 «          Жазушының парасат биігі»Т.ӘбдіковШығармаларын насихаттау  ІІ-тоқсан12.06.23жСағ:12-00 Әдеби танымдық сағат барлық топ №6кітапханафилиалыТалап селосы
    5 «Тұғыры биікқаламгер»Төлен Әбдік  III-тоқсан14.07.23жсағ 12.00. Өмірбаяндық портрет Ауыл жастары, барлық топ №5 үлгілі кітапханаФилиалыКеңгір селосы
    6        Халқы сүйген қаламгер –Төлен Әбдік  III-тоқсан25.08.23жСағ: 11-00 «Парасат майданы» романына шолу Оқырмандар №8 кітапхана-филиалыҚорғанбай ауылы
    7  «Заңғар талант иесі»Т.Әбдік«Бір ел-бір кітап»  III-тоқсан19.09.23жСағ:11-00 Виртуалды кітап көрмесі барлық топ ОКЖГагарин көшесі,2 
    8      «Оқырман жүрегіне жолтартқан кітап»Т.Әбдіков«Оң қол»кітабын насихаттау  ІІІ-тоқсан26.09.23жСағ: 12.00 Бір кітапқа жарнама барлық топ №3 кітапхана-филиалыСт. Теректі
    9         «Қазақ прозасындаерекше қолтаңбасы баржазушы»Төлен Әбдіктіңшығармаларын оқу  IV–тоқсан07.11.23жСағ:15.00 Әдеби вернисаж барлық топ № 2 үлгілі кітапхана-филиалыШевченко көшесі,29
    10 «Бір ел – бір кітап» республикалық акция«Тұғыр мен ғұмыр»Төлен Әбдікұлы ІІІ-тоқсан20.07.23жСағ.12.00 бейнеролик @kitapkhanafilialyfacebook парақшасына салу № 9 үлгілі кітапхана- филиалыТүсіпбеков көшесі,21