2019 жылы «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында оқырмандарға жазушылар Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» және Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін оқу ұсынылды. Осыған байланысты №2 үлгілі кітапхана-филиалында «Қалам қаһармандары» атты көрме-ақпарат ұйымдастырылды. Көрмемен кітапхананың тұрақты оқырмандары мен мектеп оқушылары, студенттер т.б. таныстырылды. Ә.Кекілбаев пен Ә.Тәжібаевтың өмірбаяны мен шығармалары жайлы ақпарат берілді. Көрмеге Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», «Махаббат мұнарасы», «Дала балладалары», «Ханша Дария хикаясы» т.б. кітаптары мен Ә.Тәжібаевтың «Аралдар», шығармалары қойылды. Барлығы 29 оқырман үйге алды.