Елімізде жыл сайын «Бір ел- бір кітап»  акциясы ұйымдастырылып келеді. Акцияның мақсаты – ең үздік туындыларды насихаттау, кітап оқуды ілгерілету, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. 2019 жылы қазақстандықтардың  «Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша  Әбіш Кекілбаевтың  «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтің лирикалық өлеңдері таңдап алынды.

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» КММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары  қаламыздғы Қ. Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебінде  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Ғасыр кемеңгерлері» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Әдеби кешке мектептің  басшылары,  ұстаздары  мен 10 «а» сынып оқушылары ат салысты. Кеште кітапханашылар ақын Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталса, ақынның лирикалық өлеңдерін мектеп оқушылары: А.Алмағанова, А. Ерғазина, Б.Қабдрахым, А. Хасенова  мәнерлеп айтты.

Сонымен қатар, жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» атты романынан 10 сынып оқушысы Е. Искакова  үзінді оқыды. Кітапханашылар «Бір ел-бір кітап» акциясына арнайы   «Маржансөз шеберлері»  атты  буклет жасап, кешке қатысқан көрермендерге таратып, «Халқымыздың көрнекті перзенттері»  атты кітап көрмесіне шолу жасады. Акция бойынша ұйымдастырылған іс-шара өз деңгейінде өткізілді.