Дәстүр бойынша «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында екі қаламгердің туындылары таңдалды. Бұл Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы. Осыған орай М.Әуезов кітапханасы осы екі тұлғаға арнап «Әдебиетіміздің ұлы тұлғалары» атты портрет көрме ұйымдастырды. Бірінші бөлім Әбділда Тәжібаевқа арналды. Бұл бөлімге ақынның өмірбаяны, туған жерінен бастап, Ә.Тәжібаевтің шығармалары, А Ысымұлының «Жыр дариясына айналған ақын», С.Қирабаевтің «Әбділда ақын» , Н.Оразалиннің «Сырда туған жаңа Гейне мен болам» деген баспа беттерінде жарияланған мақалалары қойылды.

      Екінші бөлімге қойылған Әбіш Кекілбаевқа арналған арнаулар мен дәйекті сөздер көрменің ажарын аша түсті. Жазушының барлық шығармалары мен баспа беттерінде жарияланған мақалалары қойылды.Көрмеге 37 оқырман қатысып, көрме сөресіндегі 17 кітап оқырманға жол тартты.