Кеңгір селолық №5 үлгілі кітапхана-филиалында 2019 жылы  Республикалық  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздын ақыры» романы және  Әбілда Тәжібаевтің шығармаларына байланысты «Заңғар тұлғалар» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Әдеби кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары  және әкімшілік қызметкерлері қатысты.  Кітапханашы  Назира Тлеубайқызы  жазушы  Ә.Кекілбаевтің  «Аңыздың ақыры» тарихи романы- тек тарихи шежіре  емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмытылатын  мінез тәрбиелерлік қуатты шығарма екені жайлы айтып өтті.  Сонымен қатар  кітапханашы  Сәуле Сәдірқызы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі  Әбілда Тәжібаевтің өмір жолынан қысқаша мағлұмат берді. Тұрақты оқырман Ермағанбетов Сәбит  жазушы  Ә. Тәжібаевтің «Атамекен», «Туған топырақ» өлеңдерінен нақышына келтіріп үзінділер оқып берді. Студент  Зейнурова Ботагөз «Достар сыры», «Мұғалім» атты өлеңдерін  мәнерлеп айтып берді. Тұрақты оқырмандар іс-шара сонында «Заңғар тұлғалар» атты кітап көрмесінен өздеріне ұнаған кітаптардан жаздыртып алды.