Жезқазған қаласының №1 орта мектебінде жылда ел болып оқитын «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында аз ғана өмір сүрсе де қазақтың басына күн болуды армандаған ақындарымыздың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Түркі әлемінің рухани жұлдызы» атты әдеби жыр отауы өтті.

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір елбір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті. «Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі деуге әбден болады. Ұлт үшін күрескен адам. Сол себептен оқырмандарға  жас ақын С.Торайғыровтың шығармаларын оқуға шақыру мақсатында М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында «Сұңғыла жыр сұлтаны – С.Торайғыров» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    2016 жылы 11 мамыр күні кітапханамызда «Азаттық жырының ақтаңгері» атты  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында әдеби сағат өтті.  Мақсаты: XIX  ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларының маңыздылығын, өміршеңдігін түсіндіре отырып оқырмандардың  білімдерін тереңдету, толғаулары арқылы адамгершілікке, шынайылыққа, ұлттық рух пен патриоттық сезімге тәрбиелеу және өмірдегі болатын әділетсіздікке өз тұжырымын жасай алатындықтарын үйрету. 

       2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Кітапханашылар қауымдастығының бастамасы бойынша «Бір ел – бір кітап»акциясы өткізіліп келеді. Биыл 2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы мен қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығының тұспа-тұс келуіне орай осы шараға  заңғар жазушының «Көшпенділер» атты тарихи романын оқыту белгіленді.

98765