Тәуелсіздік алғалы еліміздің түкпір-түпкірінде Тәуелсіздік монументтері бой көтеруде. Сондай монумент Жезқазған қаласының Алаш алаңында тұрғызылды. Биіктігі-40 метрді,орын тепкен жері 400 шаршы метрді құрайды. Ескерткіштің ұшар басындағы алтынмен апталған, нұрын шашқан күн мен қалықтаған қыран құс тәуелсіздікті білдірсе, төрт бұрышындағы 4 пырақ еркіндікке ұмтылған ел нышаны. Композицияның авторы- Мұрат Байысбай.
Дереккөз:Тәуелсіздік монументі: мәдени ескерткіш//Сарыарқа.-2015.-7тамыз(№32).-1б.
Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз
Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз