Әдеби нон-стоп дегеніміз  "Non stop" - деген "тоқтаусыз" деген мағына берсе, ал  әдеби нон-стоп заманауи әдебиет әлеміндегі жаңа кітаптарды тоқтаусыз насихаттау. Оқу қажеттілігі және оның адамның дамуына әсері туралы жаңа кітаптар ұсынылады.
 
Бук слэм - (BOOK Slam) – бүгінгі таңда оқырмандар арасында өте танымал кітап сайысы. Кітапты жылжытудың бұл түрін филология докторы Стефани Джентгенс ойлап тапқан. Әр кітаптың тұсаукесері ең көп дегенде үш минутқа созылады, уақытты секундомерлермен қаруланған екі ұйымдастырушы бақылайды.
 
Букеанариум – әр түрлі форматта кітап оқып отырғанын әлеуметтік желі арқылы насихаттау. 
Буктрейлер - бұл қандайда шығарма жайында айтылатын шағын бейне түсірілім. Түсірілімде - трейлердің сипаты кинофильмдерге жақын, көзбен көру арқылы кітаптарды насихаттау.
 
Book patchwork – жастарға арналған түрлі елдердің кітаптарын немесе қазіргі жас авторлар туралы мәлімет
 
QR-кодты кітап көрмесі - кітаптардың төменгі тұсында штрих-код орналасқан. Смартфоныңызға QR-сканер қосымшасын жүктеп алып, қосымшадағы сканер батырмасына басып, штрих-кодқа алып барсаңыз, кітаптың электронды нұсқасын жүктейсіз.  Кітапты телефон жадына сақтап,  кез-келген уақытта оқуға болады.
 
"Челлендж" сөзі ағылшын тілінен аударғанда шақыру деген мағына береді. Әлеуметтік желідегі челлендждер әлемінің кез-келген түкпіріндегі қолданушыны жаһандық қозғалысқа араласуға үндейді.
Пікір білдірді (0) Қаралды: 56
98765