Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімі – қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрамындағы бөлім болып табылады.
Бөлім оқу, пайдалану және қор құжаттарын сақауды іске асыруды ұйымдастырады және кітап сақтау бөлімінің міндеттерін орындайды.
Қорды орналастыру кезінде баспалардың сақталу және жайғастыру тәртібі сақталуы тиіс. Өңделмеген баспа басылымдары мен материалдар қолдануға берілмейді.
Бөгде адамдардың қор сақталатын бөлімдерге кіруіне жол берілмейді.
Кітап сақтау бөлімінде көпшілік іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
Кітапхана басылымдарды жаңғырту және ағымдағы жөндеу жұмыстарын (түсіп қалған парақтарды жапсыру, жыртылған жерлерді жапсыру, мұқабаны,қатырма бетті желімдеу) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Кітап қорын зерттеу жұмысы арқылы кітап қорының жаңартылуын анықтайды, пайдалануын зерттейді.
Көнерген, дублеттік, жоғалтып алынған, мазмұны бойынша ескірген әдебиеттер есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес есептен шығарылады.
Есептен шыққан әдебиеттерді тізім кітабы мен каталогтардан белгілеп шығарады.
Сирек және құнды кітаптар бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Авторлармен және құқықтық мұрагерлермен ынтымақтастық жұмысын жүргізеді.

Авторлық құқықты сақтай отырып, бағалы және сирек кездесетін кітаптар мен құжаттарды сандық жүйеге көшіру жұмысын атқарады.
Бөлімге жаңадан келіп түскен сирек кітаптарды насихаттайды.
Ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында құнды басылымдардың сақтандыру сандық қоры (электронды көшірмелері) құрылады.
Ретро фондпен жұмыс, яғни қорды электронды каталогқа «Рабис» бағдарламасы бойынша енгізеді.
Ақпараттық библиографиялық сипаттамасын стандартқа сәйкес жазылуын және сапасын қадағалау
Артық дублетті әдебиетті басқа кітапханаларға сұранысы бойынша олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан бере алады.
Кітапхана қорында сақталатын баспа басылымдары мен материалдар оқырмандардың қолданысына абонемент бөлімі бойынша беріледі.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандық берешектерді болдырмау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.

                                                         Бөлім меңгерушісі: Алимбаева Н.Р.

Пікір білдірді (1) Қаралды: 10805
98765